Биржада доллар 460 теңгеге дейін арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандай түсті.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,14 теңгеге түсіп, 460,13 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 461,39 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 458,00 теңгеден сатып алынады, 465,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 529,00 теңге, сату — 539,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,15 теңге, сату — 5,45 теңге.
— юань: сатып алу — 68,60 теңге, сату — 72,69 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 460,57 теңгеден сатып алынады, 462,83 теңгеден сатылады. Еуро 530,50 — 535,62 теңге, ал рубль 5,15 — 5,30 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,41 теңгеден сатып алынады, 70,94 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 17 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,58 теңгеге түсіп, 461,39 теңге болды.