Биржада доллар бағамы 465 теңгеге көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар қымбаттады.

валюта
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,41 теңгеге өсіп, 465,01 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 464,53 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 461,00 теңгеден сатып алынады, 468,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 539,00 теңге, сату - 548,97 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,90 теңге, сату - 6,20 теңге.

- юань: сатып алу - 66,87 теңге, сату - 72,89 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 464,29 теңгеден сатып алынады, 466,18 теңгеден сатылады. Еуро 541,38 – 546,35 теңге, ал рубль 5,95 – 6,07 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,41 теңгеден сатып алынады, 70,09 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 4 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,44 теңгеге өсіп, 464,53 теңге болды.