Биржада доллар бағамы қайтадан нығайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасында (KASE) шетелдік валюта нарығындағы сауда-саттық аяқталды. 

доллар
Фото: pixabay.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,25 теңгеге көтеріліп, 541,01 теңге болды. Ұлттық банктің 17 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 539,54 теңге.

Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 541,08 теңгеден сатып алынып, 542,97 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 637,37–641,16 теңге аралығында, рубль 6,42-6,54 теңге шамасында.

Ал Астанада долларды 539,49 теңгеден сатып алып, 544,65 теңгеден сатып жатыр. Еуро – 636,38–644,41 теңге. Рубль бағамы – 6,37-6,57 теңге.

Шымкентте доллар 540,04 теңгеден сатып алынып, 543,04 теңгеден сатылып жатыр. Еуро – 639,69 – 641,81 теңге аралығында, рубль – 6,43 – 6,52 теңге.

Еске салайық, 16 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,49 теңгеге арзандап, 539,54 теңге болды.

США запускают «Проект Свобода» для вывода застрявших судов из Ормузского пролива
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Ормуз бұғазында тұрып қалған кемелерді шығару үшін «Бостандық жобасын» іске қосты