Биржада доллар бағамы өзгерді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар қымбаттады.

Бугун Қозоғистонда доллар қанча тенгедан сотилади
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,19 теңгеге өсіп, 458,28 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 455,12 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 454,94 теңгеден сатып алынады, 461,94 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 496,92 теңге, сату - 506,92 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,30 теңге, сату - 5,50 теңге.

- юань: сатып алу - 67,67 теңге, сату - 71,66 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 457,32 теңгеден сатып алынады, 460,32 теңгеден сатылады. Еуро 499,70 – 504,57 теңге, ал 5,27 – 5,38 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,47 теңгеден сатып алынады, 69,98 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 23 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,2 теңге түсіп, 455,12 теңге болды.