Биржада доллар бірден 4 теңгеге күшейді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,47 теңгеге өсіп, 448,72 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 444,16 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 444,95 теңгеден сатып алынады, 451,99 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 489,96 теңге, сату — 501,23 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,22 теңге, сату — 5,42 теңге.
— юань: сатып алу — 67,44 теңге, сату — 71,28 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 449,05 теңгеден сатып алынады, 451,29 теңгеден сатылады. Еуро 492,38 — 497,10 теңге, ал 5,19 — 5,31 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,14 теңгеден сатып алынады, 69,53 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 18 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,17 теңгеге өсіп, 444,16 теңге болды.