Биржада доллар тағы 3 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,47 теңгеге түсіп, 485,34 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 489,31 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 483,00 теңгеден сатып алынады, 490,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 562,00 теңге, сату — 572,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,25 теңге, сату — 6,55 теңге.
— юань: сатып алу — 68,39 теңге, сату — 73,57 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 484,77 теңгеден сатып алынады, 486,94 теңгеден сатылады. Еуро 562,95 — 568,29 теңге, ал рубль 6,34 — 6,50 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,88 теңгеден сатып алынады, 72,47 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 3 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,44 теңгеге түсіп, 489,31 теңге болды.