Биржада доллар тағы арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,2 теңгеге түсіп, 443,62 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 444,76 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 442,00 теңгеден сатып алынады, 449,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 491,00 теңге, сату - 501,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,10 теңге, сату - 5,30 теңге.
- юань: сатып алу - 67,72 теңге, сату - 71,53 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 443,74 теңгеден сатып алынады, 445,40 теңгеден сатылады. Еуро 491,70 – 497,13 теңге, ал 5,13 – 5,24 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,02 теңгеден сатып алынады, 69,52 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 11 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,46 теңгеге түсіп, 444,76 теңге болды.