Биржада теңге күшейіп, доллар түсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,22 теңге түсіп, 453,26 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 453,64 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 450,00 теңгеден сатып алынады, 457,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу — 500,00 теңге, сату — 510,00 теңге;
- рубль: сатып алу — 5,23 теңге, сату — 5,43 теңге;
- юань: сатып алу — 68,14 теңге, сату — 71,75 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 452,24 теңгеден сатып алынады, 454,21 теңгеден сатылады. Еуро 505,32 — 509,32 теңге, ал 5,23 — 5,37 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,80 теңгеден сатып алынады, 70,26 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 2 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,13 теңге түсіп, 453,64 теңге болды.