Биржаларда мұнай таңертеңнен бері 1 долларға қымбаттады
АСТАНА. Тамыздың 21-1. ҚазАқпарат - Биржаларда мұнай таңертеңнен бері 1 долларға қымбаттады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Мәскеу уақытымен сағат 16:40-тағы жағдай бойынша мұнай келісім-шарттарымен жасалған мәміле мыналарды құрады (долл./барр.):
- IPE Brent Crude (қазан) - 74,51 (+1,18) котировкалары 72,65-74,58 диапазон жағдайында;
- Light, Sweet Crude Oil (қазан) - 74,18 (+1,27) котировкалары 72,03-74,24 диапазон жағдайында.
Мәмілелер бойынша бағалардың оң қарқыны еуроға және басқа жетекші әлемдік валюталарға қатысты FOREX рыногында АҚШ доллары бағамының айтарлықтай төмендеуіне, сондай-ақ Еуропадағы акциялар рыногында тұрақты жағдайға негізделген.