19:27, 06 Шілде 2009 | GMT +5
«Біржан Сал» фильмі - қазақ халқының дәстүрі жөніндегі сазды шығарма - сенатор Т.Мұхамеджанов
АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін астаналық «Самұрық» кинотеатрында Астана күніне арналған «Біржан Сал» фильмінің тұсаукесері болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біржан Сал» қойылымы - бұл дарынды жан туралы жүрек қозғайтын әсерлі шығарма, мұнда ақынның бойжеткенге деген адалдығы мен махаббаты табиғаттың әсем көрінісі арқылы өріліп жатыр.
Фильмді түсіру өткен жылғы тамызда Біржан салдың туған жері, табиғаты ғажайып Бурабай баурайында басталған еді.
ҚР Халық әртісі Досқан Жолжақсыновтың айтуынша, сол кезеңдегі оқиға шындығын қаз-қалпында жеткізу үшін 50 киіз үй тігіліп, бірнеше ауыл құрылған. Сондай-ақ 300 ауыл тұрғыны тартылды. Бұл фильмде атақты актер басты рөлді сомдап қана қойған жоқ, оның қоюшы- режиссері де болды.
Фильм - бұл қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріне деген сағыныш және сазды шығарма», - дейді сенатор Төлеген Мұхамеджанов.