Біржан Жақыпов Әлем чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 26 қазан. ҚазАқпарат - Бокстан Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан Әлем чемпионатының ақтық ойындары басталды.

Біржан Жақыпов Әлем чемпионы атанды

Онда 49 келі салмақтағы Біржан Жақыпов алжирлік Мохамед Флиссиді ұтып, чемпионаттың алғашқы жеңімпазы атанды. Ол бұл дүбірлі додаға 9 боксшы қосқан алжирліктердің ақтық сынға шыққан жалғыз былғары қолғап шеберін ұтып, Қазақстан құрамасына бірінші алтын медальді салды. Ал қазақстандықтардың 10 боксшысының алтауы ақтық сынға сүрінбей жеткен болатын.