Біржан Жақыпов АРВ турнирінде бразилиялық қарсыласын жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біржан Жақыпов АРВ турнирінде Валерио Лоуренсиді жеңді, деп хабарлайды sports.kz.

Біржан Жақыпов АРВ турнирінде бразилиялық қарсыласын жеңді

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов Гонконгта өткен АРВ Pro boxing турнирінде бразилиялық Шагасу Валерио Лоуренсиді тізе бүктірді. Қазақстандық спортшы 58:56, 58:56, 58:56 есебімен басым түсті.

Осылайша, Жақыпов Рио-де-Жанейрода өтетін оимпиадаға жолдама мен чемпиондық белбеу үшін күресін жалғастыруда.