Бишімбаевтің ісі: Шыны зауытының құрылысы әлі қозғалмай тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның даму банкінің басшысы Болат Жәмішевтің айтуынша, екі аптадан кейін Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысы жалғасуы мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Займ алған компания теxникалық аудит өткізіп, орындалмай қалған жұмыстардың көлемін бағалады. Қазір "Orda Glass"-қа жаңа басшы тағайындалды. Өткен аптада болған кездесу кезінде ол екі аптаның ішінде мердігерлердің тізімін ұсынатынын жеткізді. Мердігерлердің ішінде шетелдік компаниялар да бар. Бүгінде олар зауытты аяқтауға қажетті қаржының көлемін, белгіленген сома жете ме, жоқ па, соны өзара талқылап жатыр. Екі аптадан кейін шешім шығады деп ойлаймын. Сол кезде нысанның құрылысы жалғасады", - деді Жәмішев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

 Айта кетейік, жылдың басында Қызылорда қаласындағы шыны зауытының ақшасын жымқырды деген айыппен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталған болатын. "Ол "Бәйтерек" xолдингін басқарғанда "Orda Glass" ЖШС және оның мердігер ұйымы "Шымкентхиммонтаж" ЖШС арқылы 1 миллиард теңге жымқырудың қылмыстық жоспарын құрған. Қылмыстық жоспарға аталған ұйымдардың жетекшілері Д.Ибрашев , Ж.Исабек және М.Кожабаев тартылған", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның ресми xабарламасында. Аталған соманың 2 миллион долларын Бишімбаев өзінің інісі С.Нұрлыбек арқылы алған.

Соңғы жаңалықтар