Бішкек әуежайының қызметкері жолаушының құны 2,5 млн сом болатын жүгін қолды етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы әуежайдың қызметкері ондағы жолаушылардың бірінің құны 2,5 млн сом болатын жүгін ұрлап кетті. Бұл туралы Қырғызстанның ІІМ хабарлаған.
None
None

Қырғызстанның kyrtag.kg агенттігінің хабарлауынша, осы оқиғаның алдында ел тұрғындарының бірі әуе көлігі желісі бойынша ішкі істер бөліміне келіп, Бішкек-Ош бағытында ұшып шыққан ұшақтағы жүгінен белгісіз біреулердің алтынан жасалған әшекейлік бұйымдарын (69 түрі бар) ұрлап кеткендігін айтып, тиісті шара қолдануды сұраған.

Бұл шағым қылмыстық әрекеттердің тізіміне енгізіліп, тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарына кіріскен. Осы іс бойынша болуы ықтимал түрлі іс-әрекеттер бойынша тексеру жүргізген тәртіп сақшылары екі күнен соң кінәлі азаматты табады.

Күдікті әуежайдың жүк тасымалына жауап беретін топ қызметкерлерінің бірі, Нарын облысының Ат-Башын ауданының 1990 жылы туған тұрғыны болып шықты. Одан заттай деректер ретінде ұрланған әшекейлік бұйымдар тәркіленді. Күдікті азамат ұрлаған заттарын әуежайдан алып шығып, өзі тұрып жатқан үй маңына жерге көміп тастаған.

Бұл факті бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар