Бішкек қаласының бірінші вице-мэрі ұсталды
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша Бішкек қаласы мэриясының жауапты тұлғалары ұсталды. Бұл туралы Кабарға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
«2018 жылы 6 шілдеде Қырғызстан Республикасы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Бішкек қаласында жер учаскелерін жеке тұлғаларға заңсыз беру және бөлу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында Бішкек қаласының бірінші вице-мэрі М.Р.К. және Бішкек қаласы мэриямы Жер ресурстары басқармасының бастығы М.У.А. Қырғызстан Қылмыстық кодексі 303-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ұсталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.