Бішкек Қазақстанның көмірінен бас тартуды жоспарлап отыр

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Келесі жылдан бастап Бішкек тек Қырғызстанның өндірген көмірімен жылытылады деп жоспарланып жатыр. Бұл туралы осы елдің ұлттық энергохолдингінің басшысы Айбек Қалиев мәлім етті.
None
None

Мамандардың айтуынша, бұл - Бішкек қаласының жылу электр орталығына қытайлық компанияның жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін мүмкін болған.

Егер бұдан бұрын ЖЭО 512 мегаватт өндіруге есептеліп, соңғы кезде өз көлемін 300 мегаваттқа дейін қысқартса, жөндеу жұмыстарынан кейін оның мүмкіндігі 812 мегаваттқа дейін өскен.

Айта кетейік, биыл 450 мың тонна Қазақстан көмірін сатып алу жоспарланған. Алайда, келесі жылыту маусымынан бастап Бішкек билігі Кара-Кече кен орнында өндірілетін отандық көмірді ғана пайдалануға ниетті. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум