Бішкек комендатурасы митинг пен алкогольге тыйым салды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бішкек комендатурасы митингтерге, көше шерулері мен жаппай жиналатын шараларға тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат kabar.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Бішкек комендатурасы митинг пен алкогольге тыйым салды

Комендатураның баспасөз қызметі сағат 18.00-ден таңертеңгі 09.00-ге дейін алкоголь өнімдері мен қарулардың сатылуына тыйым салды.

Сонымен бірге жағдайды ушықтыруға пайдаланылған аудио және видеотехникаларды қолдануға шектеу қойылып отыр.

Бішкекте қазіргі уақытта азаматтардың барлығы үшін сағат кешкі 21.00-ден таңғы 05.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген.

Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 9 қазанда Бішкек қаласының аумағында төтенше жағдай режимін енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.