Бішкек маңында құлаған ұшақтың бір экипаж мүшесі тірі қалған

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкек маңында құлаған ұшақтың бір экипаж мүшесі аман қалған. Turkish Airlines  авиакомпаниясының жүк таситын ұшағы апаты кезінде үш ұшқыш, бір экипаж мүшесі көз жұмған, деп хабарлады Бішкектен «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

Бішкек маңында құлаған ұшақтың бір экипаж мүшесі тірі қалған

Бұл туралы оқиға орнына келген ҚР бірінші вице-премьер-министрі Мухамметкалый Абулгазие хабарлады.

ҚР ТЖМ деректеріне сәйкес түрік авиа желісіне тиесілі ұшақ Гонконгтен Түркияға бет алған. Авиалайнер ұшу жолағына 500 метрдей жетпей, «Манас» әуежайына  жақын жерге құлаған.  

Еске салсақ, 16 қаңтарда Қырғызстанның Шу облысы   Сокулук ауданы  Дача-Суу  ауылында, әуежайға жақын жерде сағат таңғы 7.31-де Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Алайда ауа райының қолайсыздығы салдарынан ол апатқа ұшырады. Сағат 9.00-де 15 жергілікті тұрғынның қаза тапқаны белгілі болды, оның 6-ауы бала.