«Бішкек-Мәскеу» бағытындағы поезда 2 жолсерік есірткімен ұсталды
АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Бүгін кедендік бақылау қызметкерлері «Бішкек-Мәскеу» бағытындағы поезда Қырғызстан Республикасының азаматшалары болып табылатын 2 жолсерікті есірткімен ұстады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Тексеру барысында есірткі заты, атап айтқанда 1 кг 180 гр. салмақтағы героин және 1 кг 960 гр. анаша тәркіленді.
Қазіргі таңда қылмыстық әрекет бойынша тергеу, сараптама ісі жүргізіліп жатыр.