«Бішкек-Мәскеу» пойызында 4 килә есірткі тасымалдап бара жатқан Қырғызстан азаматшасы ұсталды

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат – «Меркі темір жолы» шекарадағы бақылау бөлімнің шекарашылар отряды қаңтардың 7-сі күні «Бішкек-Мәскеу» пойызында Қырғызстан азаматшасын ұстады.

«Бішкек-Мәскеу»  пойызында   4 килә есірткі  тасымалдап  бара  жатқан  Қырғызстан  азаматшасы  ұсталды
Оның қол жүгін тексеру кезінде шекарашылар 4 киләдан астам гашишке ұқсас зат салынған екі пакет тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап. Зат сараптамаға тексеруге жіберілді және факті бойынша тергеу амалдары жалғасуда.