Бішкек түбіндегі апаттан көз жұмған төртінші ұшқыштың мәйіті табылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін Бішкек түбінде опат болған «Боинг-747» әуе апаты орнынан табылған мәйіт туралы мәліметтерді нақтылап жатыр, деп хабарлайды  «ҚазАқпарат» ХАА Бішкектегі меншікті тілшісі.

Бішкек түбіндегі апаттан көз жұмған төртінші ұшқыштың мәйіті табылды

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Калыс Ахматовтың айтуынша, мәйіт ұшақтың ішінен табылған.

 «Бұл экипаждың төртінші мүшесі болып шығуы мүмкін, сәйкесінше анықтау жұмыстары жүріп жатыр», - деді Ахматов.

Бұған дейін үш экипаж мүшесінің табылғаны хабарланған еді, олар - Ибрагим Дирандгин (ұшқыш), Казин Ондул (екінші ұшқыш), Ихсан Кожа (жүк тасымалдау маманы).

Еске сала кетсек, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында, әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Апат салдарынан 37 адам қаза тапқан.

17 қаңтар Қырғызстанда аза тұту күні болып белгіленді.