Бішкек тұрғыны қоқыстан бір жәшік қару тауып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасының тұрғыны қоқыс шығарып жүріп, контейнер ішінен бір жәшік тауып алған, деп хабарлайды Қырғыз телеграф агенттігі.
None
None

«Қала тұрғыны қаладағы қоқыс контейнерлерінің бірінен ішінде қаруы бар жәшік тауып алды. Ер адам ерікті түрде қаруды тәртіп сақшыларына тапсырды. Қазір оқ-дәрінің және қарудың онда қалай барғаны тексеріліп жатыр», - хабарлайды Бішкек қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жәшікте ME8DETECTIVE маркалы тапанша, 2 граната жарғышы, 2 газ баллоны және белгісіз тапаншаның 4 оқ қорабы болған.

Соңғы жаңалықтар