Бішкек – Түрксіб бағытындағы пойыздан акциздік маркасы жоқ ірі темекі партиясы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 28 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Мерке» теміржолдық өткізу пунктінде Бішкек – Түрксіб бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында екі вагоннан акциздік маркасы жоқ темекінің ірі партиясын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бішкек – Түрксіб бағытындағы пойыздан акциздік маркасы жоқ ірі темекі партиясы анықталды
Фото: t.me/knbgov_kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген. Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді.