Бішкек вокзалында жолаушылар вагоны өртенді

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкек вокзалының темір жолында жолаушылар вагоны өртенді, деп хабарлады Қырғызстан ТЖМ.
None
None

ТЖМ ақпараты бойынша, 27 сәуірде шамамен сағат 19:27-де өрт сөндіру қызметінің кезекшісіне «Бішкек-2» стансасында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келгендер жолаушылар вагоны жанып жатқанын көрген.

Бір өрт сөндіру көлігімен келген құтқарушылар қосымша күш шақыру арқылы тілсіз жау өзге вагондар мен маңайдағы нысандарға тарап кетуінің алдын алған. Маңайдағы жолдарда жанар-жағармайы бар вагондар болуы ықтимал. Адам шығыны туралы ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар