Бішкекке Қазақстанның шекарадағы бақылауды күшейтуін саясиландыру тиімді болып тұр - Қалиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекке Қазақстанның шекарадағы бақылауды күшейтуін саясиландыру тиімді болып тұр. Мұндай пікірді қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оның пайымынша, қазіргі сәтте Қазақстан біздің еліміздің ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақтың барлық қатысушыларының мүддесін қорғап отыр. Өйткені, Қырғызстаннан келіп жатқан «сұр» реэкспорттан барлығы да зардап шегуде.

«Бүгінде Бішкекке тек қана техникалық, заңдың және қаржылық тегістікте жатқан мәселені саясиландыруға басымдық беру, Астана айтқан нақты шарттарды популистік лексикада бұрмалау  тиімді болып отырған сияқты. Алайда, Қырғызстан үшін ЕАЭО-ға мүше болу тиімді екендігі сөзсіз. Себебі бұл транзиттік әлеуетін толыққанды дамытуға, көкөністері мен жеміс-жидектерін өткізу нарықтарын игеруге, туристер легін тартуға мүмкіндік береді», - деді саясаттанушы.

Талғат Қалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта Бішкек ЕАЭО мүшесіне жүктелетін халықаралық міндеттемелерді қабылдап, сақтау және өзінің экономикасын дамыту, халқының әл-ауқатын арттыруды немесе есірткі тасымалын, «сұр» реэкспортты бақылауында ұстап отырған шағын топтың мүддесін қамтамасыз етуін жалғастыра беру сынды таңдау алдында тұр.

«Өкінішке орай Бішкек риторикасы әзірше екінші нұсқаға пейілді екендігін көрсетіп отыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар