Бішкекте арнайы операция барысында атыс болып, 4 содырдың көзі жойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте халықаралық террорлық ұйым содырларының белсенді қарулы қарсылығын жою бойынша МҰҚК жүргізген контр-террорлық операция аяқталды. Бұл туралы ҚырТАГ хабарлады.

Оқиға орнында МҰҚК қызметкерлері тазалау және тергеу-жедел шараларын жүргізді.

Арнайы операция аясында МҰҚК арнайы бөлімшесі қызметкерлеріне қару қолдана отырып, белсенді қарсылық көрсеткен төрт содырдың көзі жойылды.

Сондай-ақ, арнайы операция барысында арнайы бөлімше қызметкерлері түрлі деңгейде жарақат алды, олар Бішкектің медициналық мекемесіне жеткізілді.

Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram