Бішкекте бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты болады
АЛМАТЫ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - 22-25 наурыз күндері Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында бильярдтың «Құрастрымалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты өтеді.
Бүгін оған қатысатын спортшыларды тіркеу рәсімі жасалып, кешке жеребе тартылады. Оны Бильярд спортының бүкіләлемдік конфедерациясы аясында Пирамида бойынша Азиялық комитеттің қатысуымен Пирамида жөніндегі халықаралық комитет пен Қырғыз Республиксының бильярд спорты федерациясы бірігіп ұйымдастырып отыр. Бұл байрақты бәсекеге халықаралық дәрежедегі төреші Александр Кокунин бастаған қазылар алқасы төрелік жасайды. Чемпионатттың жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрап отыр. Онда бірінші орын алған жеңімпаз 8 мың, күміс жүлдегер 5 мың, ал қола жүлде алған 2 спортшы 2 500 доллардан алады. Ал 5-8 орын алғандар 1 мың, 9-16 алғандар 500, 17-32 орын алғандарға 250 доллардан сыйақы беріледі.