Бішкекте депутатты атып кетті

БІШКЕК. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Бішкекте билік жүргізуші «Ақ жол» партиясының парламенттегі депутаты Санжар Қадырәлиевті өлтіріп кетті,

Бішкекте  депутатты атып кетті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Тергеудің алдын-ала долбары бойынша, депутат тапаншамен атып өлтірілген, деп хабарлады республиканың Ішкі істер министрінің орынбасары Сабырбек Құрманәлиев. Депутаттың денесі Бішкектің орталығындағы үйінің жанынан кешкі сағат 17.00-де табылған.