12:06, 29 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Бішкекте екі бойжеткен павильонды тонап кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте медициналық маска таққан екі бойжеткен павильонды тонаған, деп хабарлайды Бішкек ҚІІБ баспасөз қызметі.
Ақпарат бойынша, милицияға 2017 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 14:30-да медициналық маска таққан белгісіз екі бойжеткеннің павильонға кіріп, олардың бірі сатушыны орамалмен тұншықтырғаны туралы шағым түсірді. Сол уақытта екінші қыз кассадан 6 мың сомды алып, ізін суытқан.
Баспасөз қызметі атап өткендей, милиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 20 жастағы күдіктіні ұстады. Екінші қыз іздестіріліп жатыр.
Ұсталушы тергеу бөліміне берілді, тергеу жалғасып жатыр.