Бішкекте Еуро-2016 ойындарын заңсыз көрсетуге қатысты мейрамханалар тексерілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте Еуро-2016 ойындарын заңсыз көрсетуге қатысты мейрамханалар мен дәмханаларда рейдтер өткізілуде, деп хабарлайды kyrtag.kg.
«Еуро 2016 футбол ойындарын Қырғызстанда көрсету елдегі Қоғамдық телерадиотарату корпорациясына ғана тиесілі. Лицензия алу шығындарын өтеу үшін олар жарнама тартады және Қырғызстан аумағында көрсетілім құқығын сатады. Сондықтан арнайы топ мейрамханалар мен дәмханаларды тексереді, оларға көрсетілім құқығын сатып алуға келімішарт жасауды ұсынылады», деп жазды Фейсбуктегі парақшасында Қоғамдық телерадиотарату корпорациясының бас директоры Илим Карыпбеков.