Бішкекте халықаралық конференция өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бішкекте «Манастан» Шыңғыс Айтматовқа дейін: көзқарастар мен проблемалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, деп хабарлайды Түркі академиясының баспасөз қызметі.

Бішкекте халықаралық конференция өтті

Қырғызстанның Ұлттық Ғылым академиясында басталған бұл конференция Қырғыз Республикасының мемлекеттік сыйлық лауреаты, академик, Қырғызстан ҰҒА-ның вице-президенті Абдылдажан Ахматалиевтің 60 жылдығына орайластырылған.

Жиынның ашылу салтанатында Қырғыз ҰҒА президенті А.Эркебаев, Қырғызстан Президенті аппараты Үкіметі өкілдері, Жогорку Кенеш депутаттары мен Түркі академиясы халықаралық академиясының президенті Д.Қыдырәлі сөз сөйлеп, мерейтой иесіне құттықтауларын жеткізді.

«Манас», фольклор және ақындар поэзиясы», «Әдеби байланыстардың проблемалары» және «Тілдің, тарихтың, философияның педагогика мен журналистиканың проблемалары» тақырыбындағы секцияларға бөлінген халықаралық конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Оңтүстік Корея, Жапония мен Ресейден келген ғалымдар қатысуда.