Бішкекте кастрөлге кептеліп қалған 1,5 жасар сәби құтқарылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасында қызық жағдай орын алды - құтқарушыларға 1,5 жастағы сәбиді кастрөлдің ішінен алып шығуға тура келді.

Бішкекте кастрөлге кептеліп қалған 1,5 жасар сәби құтқарылды

Қырғызстандық ТЖМ хабарлағандай, кішкентай қыз ыдыспен ойнап отырып, басын соның ішіне салған. Сосын оны шығара алмай қалған. Баласына көмектесе алмай абыржыған ата-анаға құтқару қызметіне жүгінуге тура келген.

Баланың басы ыдыстан арнайы құралдардың көмегімен босатылған. Сәбидің денсаулығына еш залал келген жоқ.