Бішкекте Қазақстан-Қырғызстан консулдық консультациялары өтті

БІШКЕК. ҚазАқпарат - 18-19 сәуір күні Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрліктері консулдық консультациялардың кезекті 5-ші раундын өткізді. Шараға екі елдің өзге құзырлы органдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның сыртқысаясат ведомствосына сілтеме жасап.

Бішкекте Қазақстан-Қырғызстан консулдық консультациялары өтті

Кездесу барысында тараптар қос мемлекет азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ консулдық-құқықтық саладағы екіжақты және көпжақты келісімшарттар мен конвенциялардың орындалу мәселелерін талқылады.

«Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар консулдық мәселелер бойынша екіжақты қарым-қатынастарды тұрақты негізде жалғастыруға ниеттерін растады», - деді ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.
null null