12:21, 27 Сәуір 2018 | GMT +6
Бішкекте Қазақстан ЖОО-ларының көрме-жәрмеңкесі ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте Orion Bishkek Hotel аумағында «Қазақстан білім беру күндері» II халықаралық көрмесі ашылды. Қырғызстанға Қазақстанның түрлі қалаларынан 18 ЖОО өкілі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға сілтеме жасап.
Көрмеде Қырғызстан Республикасы білім және ғылым министрінің орынбасары Надира Жүсіпбекова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-министрі Зульфия Төребекова және Қырғызстандағы ҚР елшілігінің кеңесшісі Рымтай Кәрібжанов сөз сөйледі.
Көрме-жәрмеңке білім алушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көрменің алғашқы күнінде 1000-нан астам адам қатысты.
Оқу ордаларының өкілдері Қазақстанда жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы кеңестер берді. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 1026 Қырғызстан азаматы білім алуда.