Бішкекте ҚР Елшілігі «Қазақстан мен Қырғызстан: мәңгілік достық» атты кеш өткізді

АСТАНА. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат - Бішкекте Қазақстан Елшілігі, Мұхтар Әуезовтың Халықаралық қоры және Қырғызстандағы Мұхтар Әуезовтың мұражай үйімен бірлесіп, екі елдің арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға арналған «Қазақстан мен Қырғызстан: мәңгілік достық» атты кеш өткізді,

Бішкекте ҚР Елшілігі «Қазақстан мен Қырғызстан: мәңгілік достық» атты кеш өткізді
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведмствосына сілтеме жасап. Кешке Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары, Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет министрлігінің өкілдері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу басында Елші мәдени-шығармашылық кешке жиналғандарға мұндай іс-шараның екі халықтың арасындағы достықты нығайту үшін өте маңызды екенін айтты. Осыдан кейін ол кешке жиналғандарды ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауымен және Үкіметтің қаржы дағдарысына қарсы шараларымен таныстырып өтті. Кештің екінші бөлігінде Елшілік қатысушыларға «Еуропаға жол», «Қазақстанның ұлтаралық келісім үлгісі» атты кітаптарды және қазақ-қырғыз мақал-мәтелдері жинағын таныстырды. Кештің соңында өткен жылы жарияланған «Қазақстан мен Қырғызстан: мәңгілік достық» байқауының нәтижелері хабарланып, оның жеңімпаздарына Құрмет грамоталары мен сыйлықтар табыс етілді.