Бішкекте құрылыс алаңынан табылған граната жарылып, 5 адам жарақат алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек қаласының маңындағы ауданда оқыс оқиға болды, деп хабарлайды 24.kz.
Абайсызда граната жарылып, 5 адам жарақат алды. Олардың үшеуі бала екен. Жарақат алған балалардың біреуі жансақтау бөліміне түскен. Алдын ала болжам бойынша, граната құрылыс алаңынан табылған. Оны қолына ұстаған құрылысшы абайсызда ілгегін тартып қалған.
Қазір жарылғыштың қайдан тап болғаны анықталу үстінде.