Бішкекте манасшылардың жеті күндік марафоны басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Бішкектегі «Супара» этнокешенінде манасшылардың жеті күндік марафоны басталды, деп хабарлады КирТАГ.

Бішкекте манасшылардың жеті күндік марафоны басталды

Танымал манасшылар тәулігіне 24 сағат еш үзіліссіз эпосты кезектесіп айтып шығады.

Марафон қорытындысы 4 желтоқсан күні, «Манас» эпосы күніне арналған салтанатты шарада жарияланады.