Бішкекте «Мысықтар көрмесі» өтеді
БІШКЕК. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ – Қырғыз астанасында халықаралық «Мысықтар көрмесі» ашылмақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Халықаралық фелинология қауымдастығы ұйымдастырған мысықтар көрмесі Бішкекте наурыздың 21-інде Шыңғыс Айтматов атындағы мемлекеттік ұлттық орыс драма театрында өтеді. Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай көрмелерге дәстүрлі түрде қатысып келе жатқан Алматыдан және Қырғызстан астанасынан келген алуан түрлі тұқымды елуге жуық сүйкімді жануарлар ұсынылады деп күтілуде.