Бішкекте өлтірілген лаңкестер Айт намазы кезінде теракт жасамақ болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арнайы қызмет өкілдері өлтірген содырлар тобы Бішкекте Айт намазы кезінде теракт жасамақ болған, деп хабарлады кеше ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ресми өкілі (ҰҚМК) Рахат Сулайманов.
None
None

«Күдіктілер халықаралық лаңкестік ұйымның мүшелері. Бізде олардың Бішкекте лаңкестік жасайын деп жатқаны туралы ақпарат болған», - деді арнайы қызмет өкілі.

ҰҚМК жедел қызметкерлерінің деректеріне қарағанда, терактілерді 17 шілдеде Бішкектегі ескі алаңда мерекелік Айт намазы кезінде жасау жоспарланған, деп хабарлайды КирТАГ.

Еске сала кетейік, ҰҚМК жедел қызметкерлері лаңкестердің қолға түсіру шарасын өткізді. Олардың екеуі күндіз Бішкек маңында өлтірілді, тағы екеуі кешке қала орталығында ажал құшты. Бес күдікті ұсталды. Олардың лаңкестік ұйымдарға қатыстылығы анықталып жатыр. Арнайы шара барысында ҰҚМК «Альфаның» 4 жауынгері жарақаттанды.

Соңғы жаңалықтар