Бішкекте оппозицияның митингісі өтуде

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның астанасында оппозицияның билікпен рұқсат етілген кеңейтілген митингі өтуде.

Бішкекте оппозицияның митингісі өтуде

Оны Ұлттық оппозициялық қозғалыс ұйымдастырды.

Бір мыңнан астам адам жиылған шарада белгілі оппозициялық саясаткерлер, соның ішінде ҚР Жоғарғы Кеңесінің кейбір қазіргі депутаттары ел билігін сынға алып, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлағанын, жұмыссыздық деңгейінің артқанын және басқа да мәселелерді алға тартты.

Оппозиционерлер ұрандарының арасында экономиканың алдыңғы қатарлы нысандарын шетелдік инвесторларға жаппай сатуға қарсылық білдіргендері бар. Олардың қатарында «Манас» халықаралық әуежайы мен басқа да белгілі кәсіпорындар бар.

Осыған ұқсас митингтер Джалалабадта, Ошта және елдің басқа өңірлерінде де өтіп жатыр. Тәртіп сақтау органдары құқықбұзушылықтың орын алуына жол бермейтінін айтып, шараға қатысушыларды мұндай акцияларды билік рұқсат еткен орындарда ғана өткізуге шақырды.