Бішкекте өтетін халықаралық көрмеге Қазақстанның азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялары қатысады

БІШКЕК. Қыркүйектің 17-сі.  ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қыркүйектің 18-інде  Бішкекте   ашылатын  «Агроөнімэкспо»   халықаралық   көрмесіне  Қазақстаннан   өндіруші-компаниялар    қатысады.

Бішкекте  өтетін  халықаралық  көрмеге Қазақстанның   азық-түлік    өнімдерін өндіруші  компаниялары  қатысады

Ұйымдастырушылардың   ақпараты  бойынша,    қырғыз  елордасында  өтетін    халықаралық көрмеге   Иран,  Қазақстан және Қырғызстан  елдерінің    азық-түлік өнімдері  мен халық тұтынатын тауарлар   өндіретін 40 шақты  компаниясы  қатысады.  Бішкектегі  Спорт  сарайында  өтетін көрме    қыркүйектің 21-іне  дейін созылады.