Бішкекте сәуірдегі оқиғалар бойынша сот процестері жалғасып жатыр
БІШКЕК. 22 қараша. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Бішкекте «7 сәуірдегі» оқиғалар жөніндегі көпшілік алдындағы сот отырысы жалғастырылды. Сот үдерісі қауіпсіздік шаралары арттырылған жағдайда Спорт сарайының ғимаратында өтіп жатыр.
Барлығы жиырма сегіз айыпталушы адамға қатысты қылмыстық іс өтіп жатыр. Олардың алтауы Қырғызстан сыртында жүр. Айып тағылып отырған үш адам бақылауда.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиевке, оның ағасы Мемлекеттік қызмет күзетінің төрағасы Жаныш Бәкиевке, оның ұлы, Ұлттық Қауіпсіздік Мемлекеттік қызметі төрағасының көмекшісі Марат Бәкиевке, Ұлттық Қауіпсіздік Мемлекеттік Қызметінің төрағасы Мұрат Суталиновқа, бұрынғы премьер-министр Данияр Үсеновқа, «Арыстан» арнайы мақсаттағы басқармасының бастығы Есенбай Байышұлына сырттай айып тағылған.
Іске қорғаушы тараптан он екі авдвокат, айып тағушы он екі прокурор, соның ішінде бас прокурор мен оның орынбасары қатысуда.