Бішкекте синагога аумағында жарылыс болды

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Кеше Бішкекте синагога аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды АКИpress ақпараттық агенттігі.
None
None

Белгілі болғандай, жарылыс кешкі сағат 18:00 шамасында Жібек Жолы және Сүйінбай көшелерінің қиылысында орналасқан шіркеу аумағында болған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз бір адам жарылғыш затты қоршаудың ішіне лақтырып кеткен.

Алдын ала берілген ақпараттарға сүйенсек, құрбан болғандар жоқ.

Соңғы жаңалықтар