Бішкекте толассыз жауған қалың қар қала тұрғындарын әбігерге салуда (ФОТО)
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасында жауған қалың қар, көктайғақ пен ұйытқып соққан боран жұртшылықты әбігерге салуда.
Әзірге жағдай бүгін демалыс болғандықтан, жолдарда көлік қозғалысының аз болуы себепті қиындамай тұр. Алайда ертең, дүйсенбі күні қалалықтар жұмысқа шыққанда жолдарды тазартуы тиіс коммуналдық қызметтердің жұмысшылары мен қар тазарту техникасының болмауы шаһардағы қозғалысқа кедергі келтіруі мүмкін. Қазіргі уақытта жауған қардың қалыңдығы шамамен 20-25 см. Ауа райын болжаушы мамандардың мәліметтерінше, қалада қар әлі екі күн бойы жаумақ.