Бішкекте тұмау салдарынан барлық мектеп карантинге жабылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - 5-12 желтоқсанда оқушылар арасында тұмаумен ауырғандар санының артуына байланысты Бішкектің барлық мектептері карантинге жабылады, деп хабарлады ел астанасы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Бішкектегі «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бішкекте тұмау салдарынан барлық мектеп карантинге жабылды

Қазіргі уақытта мектепке балалардың келуі күрт сиреген. Сонымен, мониторинг деректеріне сәйкес, 93 мектептің 35-інде балалардың сабаққа қатыспауы 20 пайыздан асады. Ауырып жатқандардың ішінде 14 жасқа дейінгілер -  66,8%, 4 жасқа дейінгілер - 41,3%, 1-14 жас - 25,5%.

Бішкек қаласы әлеуметтік маңызды және аса қауіпті инфекция комитеті 5-12 желтоқсанға дейін мектептердегі сабақты тоқтату шешімін қабылдады. Сондай-ақ балабақшада ауырып қалған балалар мониторингі жүргізіліп, бақылау жүзеге асырылады.