Бішкекте тұтқындалған Кеңес жауынгері бейнеленген баннерді ауыстырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бішкектің Ала-Тоо орталық алаңында неміс әскерінің қолына түскен Кеңес сарбазы бейнеленген мерекелік баннер алынып тасталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның Kabar.kg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бішкекте тұтқындалған Кеңес жауынгері бейнеленген баннерді ауыстырады

«Ала-Тоо орталық алаңында фашистің қолына түскен кеңес солдаты бейнеленген мерекелік баннер алынып тасталды. Айта кетейік, бұған дейін Агенттік баннер жақын арада ауыстырылатынын хабарланған болатын. Мұндай баннердің неге орналастырылғандығы нақтыланып жатыр», - деп жазады Kabar.kg.