Бішкекте ұлттық құрт фестивалі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 17 сәуірде «Манас» Қырғыз-Түрік университетінде ұлттық құрт фестивалі өтеді, деп хабарлады КирТАГ Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фестиваль аясында фольклорлық-ойын сауық бағдарламасы, тағамнан дәм тату, құрт жәрмеңкесі өтеді. Қырғызстанның бас аспаздар қауымдастығы құрт, сорпа және десерттерді әзірлеу бойынша шеберлік сағаттарын ұйымдастырады. Сонымен қатар сауда нүктесін үздік ресімдеу бойынша «Ең үздік құрт» байқауы өтеді.
Фестиваль ұлттық тағам дәстүрлерін дамытуға және сақтауға, елдің туристік тартымдылығын құруға, Бішкек тұрғындары мен қонақтарын ұлттық мәдениет пен ұлттық тағам ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған.