Бішкекте ұрылар үш әйелді тепкінің астына алған сәт камераға түсіп қалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкектегі дүкендердің бірінде белгісіз біреулер үш әйелді аяусыз ұрып, тонап кетті. Шабуыл сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Қырғызстанның Sputnik агенттігі.

Бішкекте ұрылар үш әйелді тепкінің астына алған сәт камераға түсіп қалған

Зардап шеккен әйелдердің бірінің танысы оқиғаның 2016 жылдың 22 желтоқсан күні кешқұрым орын алғанын айтқан. Оның айтуынша, әйел сауда түсімін алуға келгенде, дүкенге белгісіз үш адам кіреді. Қаскүнемдер үш әйелге шабуыл жасап, 40 мың сомды алып кетеді.

Құқық қорғау органдары қылмыскерлерді таба алмаған. «Арызды сол күні кешкісін сағат 23:00 шамасында жаздық. Милиционерлер келіп, стақандарды жинады. Бірақ, саусақ іздерін алмады, олардың анық емес екендігін айтты. Алайда, таспада көрініп тұрғандай, олар ізтаңбалар алуға болатындай көп заттарды ұстаған еді. Қаскүнемдерді сол қалпы таппады, бір ай бойы өтірік уәде беріп, алдап келді», - деп мәлімдеді ер кісі.

Оның айтуынша, үш әйелдің тек біреуі қатты жарақат алған. «Олардың барлығының жағдайы қазір жақсы. Тепкінің астында қалған әйел соққыдан жақсы қорғанған - оның денесінде тек жаралар қалды. Ал, тағы бір әйелді көк ала қойдай етіп сабаған, оның беті көгеріп кеткен», - деп хабарлады зардап шегушінің танысы.

Агенттік Шу облыстық ІІБ-мен байланысқан. Басқармада хабарланғандай, Аламеді АІІБ-да Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 168-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ қылмыскерлер әлі анықталмаған, іздестіру жұмыстары жүргізілуде.