Бішкекте жанар-жағар май қоймасы өртеніп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек қаласының батыс жақ шетінде жанар-жағар май қоймасы отқа оранды. Оның ауқымы 2,5 мың шаршы метрді алып жатыр, деп хабарлады Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметі.
«Бүгін, жергілікті уақыт бойынша сағат 13.03-те кезекшілік бөліміне Лев Толстой мен Сыдығалиев көшелерінің қиылысында өрт болып жатқандығы жөінде хабар түсті. Анықталған деректер бойынша, жанар-жағар май қоймасы отқа оранған, деп мәлім етті ТЖМ.
Әзірге тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Оқиға орнында алты өрт сөндіру бөлімі жұмыс істеуде. Ведомоствоның деректеріне қарағанда, жалын шарпыған аймақ 2,5 мың шаршы метрге жеткен.
Әзірге зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Төтенше жағдайлар министрі Кубатбек Боронов оқиға орнында жүр, деп хабарлады баспасөз қызметі.