Бішкекте Жеңіс парады 7 мамырда өтетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған парад 9 мамырдан 7 мамырға көшірілді.

Бішкекте Жеңіс парады 7 мамырда өтетін болды

Бұл туралы Қырғызстан президентінің кеңесшісі Фарид Ниязов баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.

«Қырғызстанда ҰОС-ғы жеңіске арналған парад 7 мамырда «Ала-Тоо» алаңында өтеді. Осыған дейін оны 9 мамыр өткізуді жоспарлағанбыз. Алайда бұл күні әдетте соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған митинг-реквием өтеді. Бір уақытта екі шараны ұйымдастыру өте қиын», - деді ол.

Айта кетер жайт, 7 мамыр Қырғызстанда жұмыс күні.

Ұлы Отан соғысына арналған әскери парад Бішкекте бірнеше жылдан бері өткізілген жоқ еді. Ал соңғы рет ол 2011 жылы болған.